Астанада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитетінің кезекті отырысы өтті

14:15, 19 сәуір 2017
471

Астанада өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитетінің 8-отырысы барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен келіссөздер жүргізді.

Тараптар жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелері: сауда-экономика, энергетика, индустриалды-инновациялық, ғылыми-техникалық, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, әскери-техника саласының, өңірлік және шекаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында жүздесушілер 2016 жылдың қыркүйегінде ҚР мен ҚХР көшбасшылары қол қойған «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаңа экономикалық саясатының ынтымақтастық жоспарын жұптастыра жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша А.Мамин мен Ч.Гаоли Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі Комитеттің 8-отырысы бойынша Хаттамаға қол қойды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!