Астана процесіне қатысу үшін Қазақстанға Ресей, Түркия және Иран делегациялары келді

23:37, 21 қаңтар 2017

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов растады. 

Оның айтуынша, бүгін түнде елордаға БҰҰ-ның арнайы өкілі де келеді деп жоспарланған. 

Айта кетейік, ауқымды басқосу 23-24 қаңтарға жоспарланған. 

Шара кезінде Сирия үкіметі және оппозиция өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, терроризмге қарсы тұру мәселесі қаралады.  

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!