Астана процесі: Сирия мәселесі бойынша өтетін келіссөзге делегаттар жиналуда

10:00, 16 ақпан 2017

Сирия оппозициясының Келіссөз жөнінен жоғарғы комитетінің басшысы «Джейш аль-Ислам» қарулы тобының өкілі Мохаммед Аллуш Сирия мәселесін реттеу жөнінен өтетін кездесуге қатысу үшін Астанаға келді. 

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлайды.    

Сондай-ақ Астанадағы кездесуге Түркия тарапынан қатысатын делегаттар да толық келіп жетті.

ҚР СІМ «Твиттерінде» Сирия мәселесі бойынша кездесудің пленарлы сессиясы 16 ақпан күні сағат 12.00-де басталатыны хабарланды.

Авторы: Г.Абилова

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!