Астана процесі: Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер жабық есік жағдайында өтеді

12:56, 22 қаңтар 2017

Сирия дағдарысын шешу бағытындағы келіссөздер жабық есік жағдайында өтеді. Бұл жөнінде еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Делегаттар жұмысы 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де басталуы тиіс. Ресми тіркелген журналистер үшін «ҚазМедиаОрталығында» ашылған баспасөз орталығы таңғы 9-дан бастап тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, келіссөздер «Риксос» қонақ үйінде өтеді. 24 қаңтар күні сағат 13:00-де аяқталады деп күтілуде. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!