АҚШ Астанадағы келіссөзге шақырылатын болды

10:29, 15 қаңтар 2017

Түркия мен Ресей елі АҚШ-ты Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөзге шақыратын болды. Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді. 

Оның айтуынша, мәселе дипломатиялық деңгейде талқыланып, келісілген. Сонымен қатар қазір Астанадағы басқосуға кімдер қатысатыны талқыланып жатқанын жеткізді. 

Министрдің пікірінше, келіссөзге дағдарысты шеше алатын тараптар қатысуы тиіс. Бірақ Анкара күрд қарулы топтарының «Халықтық қорғаныс күштері» және «Демократиялық одақ» ұйымдарын шақыруға қарсы екенін білдірді. 

Мевлют Чавушоглу, Түркия Сыртқы істер министрі 

-Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен сөйлесіп, осындай шешімге келдік. Құрама Штаттар сириялық дағдарысты шешуде маңызды рөл ойнайды.

Хабар24

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!