Кір жуу құпиялары

22:00, 25 наурыз 2017

Әйел адамның басты тірліктерінің бірі – кір жуу. Заман ағымы қаншалықты техниканы дамытып, шаруамызды жеңілдетсе де, кей дақтармен күресе алмай жатады. Кір жуу өнері мұқияттылықты талап етеді. Әр заттың матасына, дақтың неден пайда болғанына мән беру қажет. Химиялық тазалаудың  нұсқаулары мен әдістерін білгіңіз келе ме? Ендеше, біздің ақыл-кеңестерді керегіңізге жаратыңыз.

1. Ақуызы бар тағамнан тиген дақ бөлме температурасындағы сумен оңай жуылады. Ыстық сумен жуатын болсаңыз, ақуызы еруі мүмкін. Оны қайтадан жуып кетіру қиынға соғады. Түрлі-түсті матаға тамған сүт дағын 2 ас қасық глицерин, 2 ас қасық су және сірке суы қоспаларымен кетіруге болады.

2. Қан тисе, 30 минуттай суық суда жібітіп алу керек. Суға  бірнеше тамшы сутегі тотығын қосуға болады. Егер дақ екі-үш күн тұрып қалған болса, онда суға бірнеше  тамшы мүсәтір спиртін қосып жуыңыз. Сонымен қатар суға ыдыс жуатын сұйықтықты да қосып  жууға болады.

3. Косметикалық бояулар. Дақтың үстіне химиялық тазартуға арналған қоспаны құйып, артынша суық сумен жуу керек. Матаға зияны жоқ болса, арнайы ағартқыш құралдар пайдалануға болады.

4. Қызанақ тұздығы. Кір жуғыш ұнтақты жағып, 15 минутқа қалдыру керек. Дақтың дымқылдығын сақтап, әдеттегідей жуу шарт. Бұл жағдай да көмектеспесе, сірке суын қосуға болады.

5. Жеміс-жидектер. 1 л суға 1 шай қасық ыдыс жуу сұйықтығын және 1 ас қасық спирт қосып, 15 минутқа жылы суға салып қою керек. Дақ кетпесе, оттекті ағартқышты пайдалануға болады.

6. Қара  май. Матаға жабысқан дақ қалдығын пышақпен қырып тастау керек. Содан кейін хлоры бар суға салып қойыңыз. Соңынан кір жуғыш ұнтақпен шайып алуға болады.

7. Балауыз шамы. Балауыз жұққан киімді ешқашан үтіктемеңіз. Матаға сіңіп кетсе, оны кетіру қиынға соғады. Өте ыстық қайнаған суға салып қою керек. Содан кейін химиялық ерітіндімен жууға болады.

8. Қалам немесе қарындаш. Әуелі жұмсақ өшіргішпен кетіріп көру керек. Кейін кір жуғыш ұнтақпен немесе сабынмен жууға болады.

9. Өсімдік майы тисе, керосинмен сүртіп, кейін жылы суға салып қою керек.

10. Қарағай шайыры. Минералды спирт немесе арнайы дақ кетіргіш керек. Мінекей, кір жуудың осындай өзіндік құпиялары бар. Егер қатты кірлеп кеткен киім болса, оған қалың етіп минералды ұлпа сеуіп қойған жөн. Іске сәт!
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!