Қажетті ақпаратты есте сақтаудың әдістері

18:29, 17 ақпан 2017
573

Егер сіз халықтың алдына шығатын болсаңыз, айтатын материалды жинақтап, дайындалуыңыз керек. Қазіргі күні мамандар «жаппай жаттауды» қате әдіс дейді.

Сол себепті назарларыңызға материалды жаттаудың 2 әдісін ұсынамыз:

1. Егер дайындыққа 2 күндей уақытыңыз болса, мынадай ретпен дайындалыңыз:

- алғашқы қайталау

– бір рет оқып болған бойда;

- екінші рет қайталау

– бірінші рет қайталағаннан кейін 20 минут өткен соң;

- үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 8 сағат өткен соң;

- төртінші рет қайталау

– үшінші рет қайталағаннан кейін 24 сағат өткен соң.

2. Егер уақытыңыз шектелмеген болса, оның үстіне ақпаратты ұзағырақ есте сақтау үшін мына әдісті пайдалануға болады:

- алғашқы қайталау – бір рет оқып болған бойда;

- екінші рет қайталау – бірінші рет қайталағаннан кейін 20-30 минут өткен соң;

- үшінші рет қайталау – екінші рет қайталағаннан кейін 1 күн өткен соң;

- төртінші рет қайталау – үшінші рет қайталағаннан кейін 2-3 апта өткен соң;

- бесінші рет қайталау – төртінші рет қайталағаннан кейін 2-3 ай өткен соң.

Осы әдістерді қолданып көріңіз. Іске сәт!
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!