Жылжымайтын мүлігін сатқандардың кірісін камералдық бақылау автоматтандырылды

15:19, 1 наурыз 2021

© Сурет: mcfr.kz

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың мүліктік кірісі бойынша камералдық бақылауды іске қосуды автоматтандырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Камералдық бақылаумен жеке тұлғалардың 2018 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер бойынша салық міндеттемелерін орындау мәселесі қамтылды, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

Электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар азаматтар қалыптастырылған хабарламаларды / ескертпелерді электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасына және E-gov порталындағы жеке кабинетіне алды.

ЭЦҚ-сы жоқ азаматтарға хабарламаларды аудандар мен қалалар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары жеке өздері қол қойғызып немесе пошта арқылы тапсырыс хатпен табыс ететін болады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны алған күннен кейінгі күннен бастап санағанда отыз жұмыс күні ішінде орындау қажет.

Хабарламаны қалай орындау қажет?

  • Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда - салық есептілігін тапсыру керек.
  • Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - хабарламаны жіберген салық органына анықталған бұзушылықтар бойынша түсіндірмені қағаз немесе электронды түрде ұсыну қажет.

Егер түсіндірмеде дәлелдемелерді растау үшін құжаттар көрсетілсе, онда құжаттардың көшірмелері міндетті түрде түсіндірмеге қоса жалғанады.

Түсіндірмені қағаз немесе электронды түрде хабарламаны жіберген салық органына табыс ету керек.

Тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша жеке тұлғаға ескертпе жолданады. Ол мәлімет үшін жіберіледі. Бұл ескертпенің орындау мерзімі белгіленбейді, деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!