Жыл басынан бері елордалық медицина ұйымдарына 56,6 млрд теңге төленді

19:51, 11 қыркүйек 2018

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі медициналық қызметтер ақысын төлейтін қаржы операторы болып табылады.

Жыл басынан бері «ӘМСҚ» Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелерге тұрғындарға көрсеткен қызметтері үшін 56,6 млрд теңге төледі. Бұл сома кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызмет көрсету туралы бекітілген келісімшарттар сомасының 67% пайызын құрайды.

Айта кетсек, Қордың Астана қаласы бойынша филиалы медициналық мекемелермен жалпы құны 84,6 млрд теңгені құрайтын келісімшарттар бекітті.

Қазіргі таңда қалалық филиалдың медициналық қызметтерді жеткізушілер тізімінде 83 мекеме бар, оның 45-і – жеке меншік емханалар. Жеке меншік емханалармен бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 33,5 млрд теңгені құрайды. 

Қордың Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуы бойынша,  медициналық қызметтер ақысын төлеу жоспарға және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ережелерге сәйкес атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, халыққа көрсетіліп жатқан медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету және пациенттер құқығын қорғау мақсатында қалалық филиалдың сарапшылары үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Жыл басынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша,  186 мыңнан астам науқасты емдеу барысында 13,3 мың (274 млн теңге) заң бұзу дерегі анықталды. 

«Заң бұзушылықтардың 22 проценті стационарлық және стационарды алмастыратын көмек бойынша медициналық қызмет құнын негізсіз көтеру, 48 проценті – емдеу-диагностика шараларын жүргізу стандарттарынан ауытқу, және де консультативтік-диагностикалық көмек көрсетудің расталмаған жағдайлары салдарынан пайда болған», - деп Нұрлыбек Қабдықапаров атап өтті.

Кейін заң бұзушылықтардан қайтарып алынған сома басқа медициналық мекемелер арасында бөлінеді. Айта кетсек, стационарлық және стационар алмастыратын көмек көрсететін жеткізушілер жұмысының мониторингі  күнделікті «Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жүйесі» арқылы жүргізіледі. Ал медициналық қызметтерді пайдаланушылар тарапынан жеткізушінің қызметіне немесе көрсетілген қызмет сапасына қатысты арыз түссе, жоспардан тыс мониторинг өткізіледі. 

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!