Жыбырлақ деген не індет? Жылқы неге қырылып жатыр

12:38, 1 қазан 2020

Солтүстікте құс тұмауы өршісе, Оңтүстікте мал қырылып жатыр. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының бірнеше ауылында жылқылар белгісіз індеттен үйірімен арам қатуда. Өз беттерінше ем-дом жүргізгенімен малдарын аман алып қала алмай жатқан жаңақорғандықтар жергілікті биліктен көмек сұрапты. Ал, мал дәрігерлері бұл індеттің жұқпалы емес екенін, тіпті атауын да білетіндерін айтады. Және де жылқылардың жаппай қырылуына халықты кінәлап отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мына жылқының ауырғанына не бары 3 күн уақыт өтіпті. Осы уақыт аралығында жануар салмақ жоғалтып, тіптен қабырғасын да айқын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың арасында жылқыларды жаппай қырған індет – "жыбырлауық" деп атау алыпты. Себебі жылқының ауызы қанша жыбырлағанымен жем, шөп жей алмайды екен. Осының салдарынан жануар небәрі 7-10 күннің ішінде өліп тынады.

Кәнетбек Кембай, Байкенже ауылының тұрғыны:

Бүкіл ауылда 200-дің үстінде мал кетіп отыр. Бұл тамыз айының басында басталды. Әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Бұл енді түсініксіздеу, өзіміздің мал баққанымызға 40-50 жыл болды мұндайды өзіміз көрмегенбіз.

Расында, бұл індет Жаңақорған ауданында соңғы рет өткен ғасырдың 80-ші жылдары тіркелген. Тек ол кезде 1 жасқа дейінгі жабағылар қырылса, биыл халықтың тайы да, құнан-биелері де арам қатып жатыр. Ауырған малды Жаңақорғандықтар әртүрлі тәсілдермен емдеп көріпті.

Ғалымжан Дайрабаев, Байкенже ауылының тұрғыны:

Қотырдың уколын сатып алып, әкеліп салып жатырмыз ол ем болып жатқан жоқ. Сосын паста деген бар - дәу шприц, соны тамағын ашып тұрып тамағынан жібереміз дәу жылқыға біреуін, кішкене құлықдарға екі бөліп жібереміз. Енқандай әсер етіп жатқан жоқ. Әрі кетсе бір апта, әрі кетсе 7-8 күнде өліп кетіп жатыр барлығы. Шығарып тастадық.

Бір қызығы ауырған малды айғыр теуіп, тістеп үйірге жақындатпайды екен. Шығынға батқан Байкенже ауылының тұрғындары аудан әкімдігіне көмек сұрап та барыпты.

Әбдіманап Әкімбек, Байкенже ауылының тұрғыны:

Мынау көрші Солтүстік облыстарында құс тұмауы деп қаншама карантин болып жатыр деп, өтемақысын береді деп күнде газет-телевизордан оқып жатырмыз. Бізге де реті келсе осы малдың аздап болсада халыққа өтемақысы берілсе дейміз. Бір үйден 20-30 мал, енді күн көріп отырғандары мал болғаннан кейін өтемақысы болса деген ой. Оны жалғыз мен емес халық айтып отыр осы ауыл!

Ал, Жаңақорған аудандық ветеринарлық инспекция бөлімі бұл жайтқа халықты кінәлап отыр. Бұл ауруды ресми "гастрофилез" деп атаған мамандар, жануарлардың қырылуына сона кінәлі дейді. Шөптің арасында тығылған жәндік малдың ішіне барып құртқа айналса керек.

Марат Қазыбаев, Жаңақорған аудандың ветеринариялық станциясының директоры:

Биыл ыстық болды, жаңбыр болмады басқа болмады. Сондықтан сонамыз көбейді. Содан көп жұқты. Сосын бір несі бұл кісілер жанағыдай малдарға жағдай жасау керек. Кешке жаю керек, күндіз қамау керек. Сосын дезинфекция, үстерін бір мезгіл яйцаларын өлтіру керек. Жуу керек, дезинфекция жасаулары керек.

Ал бұл – Машбек Нәлібаев ауылы. Мұндағы асыл тұқымды жылқыларды бағып отырған шаруа қожалығында жүзге жуық бас аурудан өліпті. Дегенмен ауданның бас мал дәрігерінің тұжырымымен бұл малшылар келіспейді.

Гүлістан Әмірбекова, шаруа қожалығының төрайымы:

Егер құрт деп көрсеткен жағдайын укол жағынан да паста жағуды да барлығын мен өзім істеп көрдім өз қолыммен. Қасымда жылқышыларым да бар, кәсіби мамандар да қасымда тұрып көрді олар менің істеп жатқан нәрсемнің барлығын. Ешқандай нәтиже жоқ.

Жаңақорғанда "жыбырлақ" ауруы ресми 4 ауылда тіркеліпті. Аудан әкімдігі осыған қатысты жұмыс комиссиясы құрылғанын және өтемақы төлеу мәселесін алдағы мәслихат отырыстарында қарайтындарын жеткізді. Бір-екі ғана мал емес, бірнеше үйірден айырылып жатқан жылқышылар үкіметтен көмек болса дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!