Жұртты жұмысқа тұрғызамын деп алдап келген түркістандық әйел ұсталды

14:04, 2 қараша 2018
253

Түркістан облысында тұрғындарды жұмысқа тұрғызамын деп жарты миллион теңгеге дейін ақша алған әйел ұсталды. Қазірдің өзінде күдіктінің үш рет алаяқтық жасағаны анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленушілер күдікті келіншекке 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша берген.

Уәде бойынша алданғандарды медициналық мекемеге жұмысқа тұрғызбақ болған. Алайда уәдесінде тұрмай, ақшаны алған мезетте ізін суытып келіпті.

Келес аудандық ІІБ полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында сезіктіні қолға түсіріп, оның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықтады.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!