Жұртқа енді пойыздағы судың уланғаны туралы хабарлама келе бастады

Қазақстандықтарға бұл жолы жолаушылар пойыздарында ауыз су құрамындағы зиянды заттар туралы хабарламалар келуде, деп хабарлайды zakon.kz.
Instagram пайдаланушылары жолаушылар пойыздарының вагондарында орнатылған диспенсерлердегі су қауіпті болуы мүмкін, себебі оған "бірдеңе қосады" деп жазылған жазбаны талқылауда. Бұл туралы жолаушымен әңгімелескен кезде жолсеріктің өзі айтқан екен.
Пост мәтініне қарағанда, оқиға "Алматы-Павлодар" бағытындағы пойызда болған. "ҚТЖ" АҚ әкімшілігі ауыз суға қандай да бір қоспалардың салынатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды.
– Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені кулерлерге құйылатын ауыз суға бөтелкедегі судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын барлық қажетті құжаттар бар, – делінген "ҚТЖ" АҚ жауабында, деп хабарлайды stopfake.kz.
Сондай-ақ, компания өкілдері болған жағдай туралы қосымша ақпарат жинауға кіріскендерін мәлім етті. Жақын арада тергеу басталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:00, 25 ақпан 2021
Тірісінде қазақты тонағандарды өлген соң қазақ жеріне көмуге бола ма?
-
20:18, 25 ақпан 2021
Алматы облысының бас полицейі апта сайын эфирге шығып жүр
-
17:53, 25 ақпан 2021
Минскіде Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығы министрлері кездесті
-
17:41, 25 ақпан 2021
Тоқаев атом энергиясы мәселелері жөніндегі өзгерістері бар заң жобасына қол қойды
-
17:29, 25 ақпан 2021
Павлодар облысында 23 жасар өрт сөндіруші көз жұмды
Пікір