Жұмысқа бізді алмайды. Жәйремдегі түріктерді сабауға не себеп болған

14:17, 13 тамыз 2019
406

Теңіздегі оқиға естеріңізде ме? Қарағанды облысында Жәйрем деген кент бар. Өндіріс орнында тура Теңіздегідей жағдай қайталанды. Тап бүгін кешкілік, деп жазады желіде Сержан Муратбеков.

Теңіз бен Жәйрем

Оның жазуынша, Жәйремнің қазба байлағын игеріп жатқан компания жергілікті жігіттерді жұмысқа ала қоймайды екен. Сосын жуырда түріктің бір жігіті тағы да қазақ қызымен "жүріп" қойған сияқты:

– Мәселенің басы түрік жігітімен қазақ қызының қатынасынан шыққан. Дегенмен, ұшқынның отқа айналуының басты себебі мынау. Жәйремде Полиметалический зауыт салынып жатыр. Екі жарым мың адам жұмыс істеп жатыр деген ақпарат бар. Соған жергілікті жігіттерді жұмысқа ала қоймайды екен. Жергілікті жігіттер жан-жақта вахтада жүр, ауылда жұмыс іздеп жүр дегендей, – делінеді жазбада.

Мәселе ушығып тұр!

– Күрмеулі жіп осы тұста шешіліп кеткен. Елу-шақты жігіт КПП-ны бұзып өткен. Түріктерді сабаған. 6 түрікті сүйреп алып кеткен. Қазір көшеде жүзден астам жігіт тұр. Оларға күштік құрылымдар бара жатыр облыстан. Мәселе ушығып тұр, – деп жазады ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!