Жұмыс берушінің қанша жалақы мен салық-төлемдер аударғанын тексеруге болады
© Сурет: orbitalwars
Мемлекеттік кірістер комитеті "e-Salyq Azamat" мобильді қосымшасындағы "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомаларын қарап шығуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды zakon.kz.
Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады.
Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.
Деректерді қарау үшін "салық әмияны", "қызметкердің еңбегіне ақы төлеу" қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.
Бастапқы кезеңде, жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.
Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.
МКК "E-Salyq Azamat" тегін мобильді қосымшасын "App Store" немесе "Play Market" - тен жүктеуге болатынын еске салады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:35, 19 сәуір 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты
-
13:20, 19 сәуір 2024
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
-
12:42, 19 сәуір 2024
Тоқаев: «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын халық жоқ»
-
12:31, 19 сәуір 2024
Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі 19 сәуірдегі валюта бағамы
-
12:01, 19 сәуір 2024
Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті