Жұмыртқа 80 теңге: Қостанайдағы құс фабрикасы «бағаны көтерді» деген күдікке ілінді

10:40, 9 желтоқсан 2022
194

© Сурет: Zakon.kz

Қостанай құс фабрикасы "жұмыртқаны қымбаттатты" деген күдікке ілінді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДД) департаменті тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" хабарлағандай, күзде облыс тұрғындары жұмыртқаның қымбаттауына шағымдана бастаған. Кейбір дүкендерде сатушылар бір жұмыртқаны 80 теңгеден сатқан.

"Тергеу нәтижесі туралы бірдеңе деуге әлі ерте. Бірақ алдын ала біз субъектті бәсекелестермен салыстырғанда қыркүйек-қазан айларында жоғары баға қойғанын көріп отырмыз. Егер осы факт расталса, ең әуелі монополиялық кірісті тәркілеумен 3-тен 5 пайызға дейін айыппұл болады".БҚДД Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Дастан Сәмен

28 қарашада БҚДД қазақстандық тұрғын үй компаниясы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтағаны хабарланды.

7 қарашада антимонополистер Fly Arystan әуе компаниясынAir Astana-дан шығаруды ұсынған. Сонымен қатар агенттік нарыққа жаңа авиакомпаниялардың шығуына кедергілердің бар екенін айтқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!