Жұма, 14 мамырға арналған ауа райы болжамы айтылды

17:16, 13 мамыр 2021
401

© Сурет: kyzylorda-news.kz

Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге, солтүстікте – тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді,кей жерлерде шаңды дауылмен.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағаны облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!