Жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Алматылықтардың бір бөлігі жылусыз қалды

16:58, 1 наурыз 2021

© Сурет: zakon.kz

Бұған дейін Алматыда жер астына құлаған жүк көлігі туралы хабарланған болатын. Zakon.kz бұл төтенше жағдайдың себебін біліп, кейбір мәліметтерді анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бүгін - 1 наурызда сағат 13:00 шамасында жалпы салмағы 27 тонна құм-қиыршық тас тиеген КамАЗ көлігі ауданішілік жылу желісі орналасқан аумаққа кірген. Жүк тиелген көлік салмағына есептелмеген беткі қабаттағы төсеме шыдас бермей, опырылған, салдарынан ол жылу камерасының ортасына гүмп етіп түскен.

Болған оқиға салдарынан диаметрі 500 мм құбырға зақым келуіне байланысты 336 көпқабатты тұрғын үйді, 86 жеке тұрғын үйді, 9 денсаулық сақтау нысанын, 10 балабақша мен 6 білім беру нысанын жылу желісінен уақытша ажыратуға тура келді. "Алматы жылу желілері" ЖШС жөндеу бригадалары жүргізген апаттық-қалпына келтіру жұмыстарына 18 маман мен мамандандырылған 4 техника жұмылдырылған, - деп хабарлады АЛТС.

Жылу мен ыстық суды бүгін сағат 23-00-ге дейін қайта қосуға уәде берілді. Қазіргі уақытта Алматы қаласы Медеу ауданының аумағындағы Қазыбаев-Назарбаев-Достық-Тайманов көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар уақытша ыстық сумен және жылудан ажыратылды.

Инженерлер жылу желісіндегі ақау басқа тұтынушыларға берілетін жылуға әсер етпейтінін, сонымен қатар белгіленген қалалық секторда орналасқан ғимараттардағы температура режиміне де әсер етпейді деп санайды.

Ал диаметрі 500 мм болатын ТМ-3 зақымдалған жылу магистралі 1978 жылы пайдалануға берілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!