ЖСДП оппозициялық партиясы алғаш рет Парламентке өтті

20:10, 20 наурыз 2023

© Сурет: instagram.com/osdp.kz

Парламентке алғаш рет оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша 5,31% жинады.

Партия алдыңғы Парламент сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс пен мәслихаттарға депутаттарды сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!