«Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттер сату жүйесі істемей тұр

13:29, 12 тамыз 2020

Техникалық ақауларға байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ билеттерді сату жүйесі уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды zakon.kz акционерлік қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және өзге де интернет-ресурстарда жол жүру құжаттарын (билеттерін) тіркеу уақытша мүмкін емес.

Қазіргі уақытта теміржол билеттерін сату процесі Қоғамның билет кассаларында біртіндеп қалпына келтірілуде.

Алайда, мәселені жою жұмыстары әлі де жалғасып жатқандықтан, билеттерді сатып алу кезінде техникалық ақаулар пайда болуы мүмкін.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!