Жоғары соттың жаңа төрағасы азаматтардың судьяларға сенімін арттыру туралы айтты

19:17, 8 желтоқсан 2022
171

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады. Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Zakon.kz.

Ақорданың хабарына қарағанда, Жоғарғы сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажет екенін атап өтті.

Еске салайық, 2022 жылғы 8 желтоқсанда Жақып Асанов Жоғарғы соттың төрағасы қызметінен босатылды. Оның орнына Асламбек Мерғалиев тағайындалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!