Жоғары шенді боққарындар! Қашан тоясыңдар?

10:53, 17 қазан 2019

Журналист Ибраш Нүсіпбаев желіде бір сұмдықты жазды. Ол былай дейді:

– Бір жоғары шенді "боққарын" (орысша жазған пост авторы ол кісіні "дерьмо" дейді – ред.) Алатау ауылынан өзіне зәулім үй салмақ болады. Бәрі дұрыс еді, таңдаған жері де тегіс болатын... Бірақ ол жердің топырағы нашар болып шықты. Ал, не істеу керек? Дұрыс, жақсы топырақ әкеп төгу керек. Оны қайдан алады? Халықтан! Содан жоғары шенді әлгі адам экскаваторы мен тракторы бар 500 КамАЗ жалдап, саяжайдан топырақ ұрлайды. Алматының бірегей апортын сақтап қалған зейнеткерлердің саябағына басып кірген. Жоғары шендіге апорт керек емес, оған қазір құнарлы қара топырақ қажет. Нәтижесінде жекеменшік телімдердің қоршауын бұзып, бульдозерлер 200-ден астам алма ағашын тамырымен қопарады, құнарлы топырағы 500 КамАЗ-ға тиеліп жоғары шендінің учаскесіне кете барды. ҚР Конституциясының өрескел бұзылып жатқанын жергілікті участковый мен жергілікті басшылар, жергілікті прокурорға дейін көріп тұрып түк істей алмаған. Өйткені бұл "беспределді" жасап жатқан кісі – жай емес, өте жоғары шенді "дерьмо" екен. Сұрақ: президент Тоқаев құқықтық және демократиялық Қазақстан туралы ертегілерін әлі де айта бере ме, әлде қалай, – дейді журналист Ибраш Нүсіпбаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!