Жігіттер, полиция ұстағанда лақ құсап бақырмаңдар

16:36, 13 маусым 2019

Шеруге шығудың өз мәдениеті бар, дейді журналист Жанат Қажығали.

– Шыққан кезде полиция ұстап, автобусқа салатынына дайын болып бару керек. 1986 жылдың өзінде милиция екі қолтығынан ұстағанда, өз аяғымен жүріп бара жатқан қыздардың суреттерін талай көріп жүрсіздер, – деп жазады ол.

Жігітке бақырған ұят.

– Құдай үшін, жігіттер, полициялар ұстағанда төрт тағандап жатып алып, союға әкетіп бара жатқан лақ құсап бақырмаңдаршы! Ұят, – деп қосты ол тағы.

12 маусымда өткен шала-жансар митингте "Қазақтар, помогайте" деп бақырған қазақ жігіті полицияның қолына түскен болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!