«Жіберіңдер деймін». Алматыда мас ер адам блок-бекетті бұзып өтпек болды

17:44, 19 наурыз 2020
478

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінен мас адам өтіп кетпек болған, бірақ оны полиция қызметкерлері жабыла ұстап қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматыдан шыға берісте орнатылған бақылау-өткізу бекетінен өтіп кетпек болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстап алған видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кадрда оның полицияға барынша қарсылық көрсетіп жатқаны көрінеді, бірақ олар оны сүйреп әкеліп, патрульдік көлікке отырғызады.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін – 2020 жылы 19 наурызда 71-ші разъезд аумағында болған.

Қоршаудан секіріп өтпек болған ер адамның мас екені белгілі болды. Оны полиция қызметкерлері ұстап алған. Қаланың периметрі айналасында орналасқан басқа жол тосқауылдарында мұндай жағдайлар тіркелген жоқ. Жалпы, жағдай қаншалықты қиын болса да, салыстырмалы түрде бәрі тыныш.

Еске салсақ, 19 наурыздан бастап Алматыда карантин енгізілді, ондаңы мақсат коронавирустың таралу тізбегін жою болып табылады. Карантиндік шараларға Алматыдан кіруге және одан шығуға шектеулер енгізілді. Қала шекарасына арнайы күзет, полиция, Ұлттық ұланның қызметкерлері кезекшілікпен 27 жол тосқауылында жұмыс істеп жатыр.

Қалаға қажетті тауарларды кіргізуге арнайы жасыл дәліз қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!