Жібек Құламбаева ITF Women 25 титулын жеңіп алды

10:56, 25 қазан 2021

© Сурет: ktf.kz

Алматылық теннисші Жібек Құламбаева ITF World Tennis Tour W25 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық разрядтағы финалдық матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ж.Құламбаева поляк қызы Мартина Кубкамен бірге финалда сербиялық Тамара Курович – эстониялық Елена Малыгинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-польшалық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бұл – Ж.Құламбаеваның өзінің спорттық жолындағы ITF W25 деңгейіндегі бірінші табысы.

Қарағандыда жекелей сында Беларусь өкілі Юлия Готовко үздік шықты. Ол соңғы бәсекеде ресейлік Екатерина Казионованы 7:5, 6:0 есебімен тізе бүктірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!