Жетісу облысында полицей түтін басқан үй ішінде ес-түссіз қалып кеткен ер адамды құтқарды
© Сурет: polisia.kz
Текелі қаласында үйіне оралған бала пәтерінің есігін аша алмай, көршілерінен көмек сұраған. Олар сырттан өткір иісті сезіп, бірден “102” арнасына хабарласқан. Шақырту орнына полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметтік аға инспекторы бірінші болып жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдайды бағамдай отырып, офицер Бауыржан Нұрмұхамбетов батыл шешім қабылдап, көрші пәтердің балконы арқылы ішке кірген. Сөйтіп ес-түссіз жатқан 45 жастағы ер адамды сыртқа алып шыққан.
"Полиция қызметкерінің, өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем бригадасының үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккен азаматқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Бауыржан Нұрмұхамбетовтың бұл ерлігі — нағыз батылдықтың, кәсіби шеберліктің және борышына адалдықтың жарқын үлгісі. Оның жүйелі іс-әрекетінің арқасында бір адамның өмірі аман қалды", делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін Ақсуда жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде үйінді астында қалып кеткен ер адам құтқарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:44, 10 қараша 2025
Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі
-
23:32, 10 қараша 2025
Тоқаевтың сапары алдында Мәскеу көшелерінде Қазақстан мен Ресейдің тулары пайда болды
-
22:58, 10 қараша 2025
«Нөсер жаңбыр, көктайғақ». Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:43, 10 қараша 2025
Астанада күндіз 23 мың текше метр қар шығарылды
-
21:40, 10 қараша 2025
Едіге Емберді ауыр атлетикадан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды





