Жетісу облысында көлік аударылып, үш адам көз жұмды

13:16, 24 қыркүйек 2022

© Сурет: polisia.kz

Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында Тoyota Hilux тізгініндегі 38 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, көлік аударылған.

Оқиға орнында үш адам қаза тапты. Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Қажетті сараптамаларды тағайындалды. Аталған жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеуге алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!