Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

15:55, 9 тамыз 2022

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып полковник Бауыржан Ізбасаров тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД жаңа бастығын жеке құрамға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков таныстырды.

Ізбасаров Бауыржан 1977 жылы 6 ақпанда Алматы облысы Күрті ауданында дүниеге келген.

Білімі:

2003 жылы М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, 2007 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Құқық қорғау органдарында 2002 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасының №2 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторы болып бастады. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2021 жылдан бастап Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып қызметін атқарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!