Жетісайдағы 1991 жылғы өгей ананың жауыздығы жаға ұстатты

11:55, 17 сәуір 2019

Түркістан облысындағы Жетісайда 1991 жылғы әйелдің үш қыз балаға жауыздық жасағаны белгілі болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Әсет Әссанди жазады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Апалы-сіңлілі: 2003 жылғы Салима, 2005 жылғы Мәншүк, 2007 жылғы Милана. Бұл қаракөздеріміздің көрмеген қорлығы қалмапты. Өгей аналары, 1991 жылғы Көбеева Жұлдыз фашистерден де асып түскен сияқты. Кәмелет жасына толмаған қыздардың тырнақтарының астына қайта-қайта ине тығып, жылайын десе, ұрып-соғып "күліп тұр" деп, жандарына батып тұрса да, езулерін тартқызып, тоңазытқышқа бірталай уақыт отырғызып қинап, қайшымен денелеріне жарақат салып, шайларына гель қосып беріп ішкізіп, тіпті жыныстық мүшелерін кемпірауызбен қысып, жарақат салып жүрген екен. Бұл қыздардың көрген азаптары адам айтқысыз. Айдың-күннің аманында осындай жағдайды "жабулы қазан жабулы" етіп қалдыруға ұмтылған Жетісай Ауданы басшыларының, құзырлы мекемелерінің не бала-шағалары, не жүректері жоқ деп қаласың осындайда!

Бес күннен бері ауруханада жатқан қыздардың жағдайын жергілікті жердің атқамінерлері тіпті сұрамаған да! Ал, көмек беру туралы мүлдем әңгіме жоқ! Иә, бір адамның жауыздығына мың адам жауапсыздығымен жауап беріп жүргеніне еріксіз қайран қаласың!

Жетісайдан табылмаған арашаны Түркістан Облысының басшылары, заң орындарынан, денсаулық сақтау басқармасынан сұраймыз! Қаракөздерімізді жылатуға жол бермейік!

Және әлгі өгей шешелерін қатаң жазаға тартайық", деп жазады ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

СҰМДЫҚ.3-САҒАТ БҰРЫН ВАТСАБЫМДЫ АШЫП ҚАЛСАМ ОСЫНДАЙ ВИДЕО КЕЛІП ТҰР ЕКЕН, КӨРІП ШОШЫП, ЖҮРЕГІМ АУЫРЫП КЕТТІ, ОСЫ ВИДЕОНЫ ЖІБЕРГЕН КЕЛІНШЕККЕ НЕ МОГЛА ДОЗВОНИТСЯ, ЖАҢА ҒАНА ЗВАНДАСЫП СҰРАСАМ,ЖЕТІСАЙДА БОЛҒАН ОҚИҒА ЕКЕН.БҰЛ 3-ПОДРОСТОК ҚЫЗДАРДЫҢ ШЕШЕЛЕРІ ЖОҚ, ӘКЕСІ ЕКІНШІ РЕТ ҮЙЛЕНЕДІ 1991-ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН КӨБЕЕВА ЖҰЛДЫЗ ДЕГЕН КЕЛІНШЕККЕ.ЖҰЛДЫЗ ӨГЕЙ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛДЕРІН ПЛАСКОГУБЦЫМЕН ҚЫСЫП, АЯҚТАРЫНА ПЫШАҚ ТЫҒЫП,ҚОРЛАЙДЫ ЕКЕН.ҚЫЗДАРДЫҢ ДЕНЕСІНІҢ САУ ТАМТЫҒЫ ЖОҚ.ӘКЕЛЕРІ ТАҢЕРТЕҢНЕН КЕШКЕ ШЕЙІН ЖҰМЫСТА, ӘКЕЛЕРІ ЖҰМЫСТАН КЕЛГЕН КЕЗДЕ ТАМАҒЫНА ДИМЕДРОЛ ҚОСЫП ҰЙЫҚТАТЫП ТАСТАЙДЫ ЕКЕН, ҚЫЗДАРДЫ ВАННАҒА СУЫҚ СУ ҚҰЙЫП ЖАТҚЫЗЫП ҚОЯДЫ ЕКЕН. ОПШЫМ ХУЖЕ ГЕСТАПО.ФАШИСТ ҚАТЫН.ЖЕТІСАЙДЫҢ ПОЛИЦИЯСЫН ШАҚЫРСА ПОЛИЦИЯ СОЛ ӘЙЕЛДІҢ СӨЗІН СӨЙЛЕП ЖАТЫР ДЕЙДІ МЫНА ҚЫЗДАРДЫҢ ТУЫСҚАН ЖЕҢЕШЕЛЕРІ. МЫНАУ ДЕГЕН СҮМДЫҚ ҚОЙ.ҚАЗІР КЕЛЕСІ ПОСТҚА ДА САЛАМ.КӨБЕЕВАНЫ СОТТАУ КЕРЕК!!!

Публикация от Эльмира Ешниязова ????Строитель (@elmira_eshniyazova) 16 Апр 2019 в 11:01 PDT


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!