Жетім балаларды асырап алғандар табыс салығынан босатылады

14:54, 19 қаңтар 2018

Жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады", — деді Дәленов ОКҚ-де өткен брифингте.

Дәленов табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылатынын нақтылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты.

"Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты", — деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!