Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Сауд Арабиясындағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

17:50, 9 желтоқсан 2025

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Сауд Арабиясының Даммам қаласында өткен халықаралық WTT Youth Contender турнирінде үздік атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жәния осы турнирде алты матч өткізіп, олардың барлығында да жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!