Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болды

09:06, 20 қыркүйек 2019

Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", делінген ҚР Президентінің Жарлығында.

Айта кетсек, екі күн бұрын Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарған Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Мамандығы - архитектор-дазайнер және мемлекеттік басқару саласының экономисі. Еңбек жолында Көлік және коммуникация, Индустрия және даму сынды бірқатар министрліктің тізгінін ұстап үлгерген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!