Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі тағайындалды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Төраға кеңесшісінің лауазымына Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл лауазымға дейін ол Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары қызметінде болды. Бірінші санатты біліктілік сыныбы бар.
Жазира Жылқышиеваның мемлекеттік басқару органдарында тәжірибесі мол. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, ішкі саясат басқармаларында, Қызылорда облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшысы лауазымдарын атқарды.
"Құрмет" орденімен, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін", "Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі" ведомстволық және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 26 ақпан 2021
Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
-
21:24, 26 ақпан 2021
«Көлік сервисі орталығы» кірме жолдарды пайдалануға қатысты мәлімдеме жасады
-
18:00, 26 ақпан 2021
Бекшин алматылықтарға үндеу тастады: Жағдай мәз емес...
-
17:42, 26 ақпан 2021
Елордада демалыс күндері сауда үйлерінің жұмыс істеуіне рұқсат етілді
-
17:37, 26 ақпан 2021
Павлодар облысында 1 наурыздан бастап 19 мыңнан астам оқушы мектептен оқиды
Пікір