Жемқорлар күліп отыр: шуруповерт ұрлағандар 2 жылға кетіп барады

12:16, 28 мамыр 2020

Біздің сотымыз бен судьяларымыздың сиқы осы ғой, дейді JexeNews каналының авторы.

Кеше жемқорлық тірліктерімен ұсталған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,6 жылға сотталды. Бұл үкім – Маңғыстау облысының Құрық ауылындағы екі жігіттің алған мерзімінен сәл ғана қаталдау. Ол екеуі бір үйден шуруповерт пен бірнеше жылыту радиаторын ұрлап, үй иесіне 57 мың теңге залал келтіргені үшін оңбай сотталып кетті, деп жазады Lada.kz.

Қайта, екі-ақ жыл алғандарына шүкір десін. Жас балалар ғой, білмейтін шығар. Біздің елде біреудің тегешін (тазик дейді) ұрлап, пәленбай жылға түрмеге кетуің оп-оңай. Сонымен бірге, миллиондаған теңгенің жемқорлық схемаларын жүзеге асырып, сотта түк болмағандай ақталып шығуың да мүмкін. Тіпті мүлігін тәркілеуден де жалтарып кететіндерін қайтерсің, - дейді пост авторы.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!