Желідегі видео. Таразыдан ақша «жейтіндер» Көк базардың сатушылары болып шықты

11:24, 27 қараша 2020

Қостанайдағы орталық базар сатушылары таразыдағы тауар салмағын астыртын арттырып, тұтынушыларды алдаған. Жергілікті тәртіп сақшылары желіде тараған видеоның желісімен рейд жүргізіп, осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz Астана теларнасына сілтеме жасап.

Әуелі бұл видео мессенджерлер арқылы кең тарап, елді елең еткізді. Кейін әлеуметтік желілерге жүктелді. Видеода бейтаныс жігіт саудагерлердің таразыдан қалай "жейтін" жасырын құйтырқы тәсілін жайып салған. Қалың жұрт мұның қай базар екенін білмей дал болды. Түрлі болжамдар айтылды. Ақыры тәртіп сақшылары бірнеше сауда орындарын аралап әлгі таразыны тапты. Бұл Қостанайдағы "орталық базар" болып шықты, оны "Көк базар" деп те атайды..

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- WhatsApp желісінде жарияланған оқиға өкінішке қарай Қостанай қаласынан анықталды. Нақты айтқанда, Қостанай қаласындағы орталық базар. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 190 бабына сәйкес, яғни "Тұтынушыны алдау" бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!