Желідегі төбелес видеоның "Маңғыстаумұнайгаз" жұмысшыларына қатысы болмай шықты

15:15, 12 қыркүйек 2019
64

Желіде "Маңғыстаумұнайгаз" жұмысшылары төбелесіп жатыр" деп бөлісілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда "Маңғыстаумұнайгаз" бұл видеоның өз кәсіпорнына ешқатысы жоқтығын мәлімдеді.

- Біріншіден, бізде мұндай формада мұнша көп жұмысшы жоқ, екіншіден, асханасы да біздікіне ұқсамайды. Мүмкін бұл видео басқа елде түсірілген шығар, бірақ бізде емес, "Маңғыстаумұнайгазда" да емес, - дейді "Маңғыстаумұнайгаз" кәсіпорынының баспасөз қызметі.

Amur.info сайты, бұл төбелестің 12 қыркүйекте болғанын жазады. Олар бұл оқиға "Амур газ өңдеу зауытында" болған деп нақтылайды.


Источник: zakon.kz


Пікір