Желідегі мас полиция қызметкері туралы ақпаратқа қатысты ПД түсініктеме берді

17:24, 14 қаңтар 2021

Таяуда әлеуметтік желіде полиция қызметкері төбе көрсеткен видео пайда болды. Видео авторы оның мас болғанын, жол апатын жасағанын, содан кейін түк болмағандай, көліктің артқы бөлігіндегі жолаушылар отыратын орындыққа барып жайғасқанын айтады. Біраз уақыттан кейін видео желіден жойылды, ал полициядағылар өз қызметкерінің мас күйінде болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облыстық полиция департаменті Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында Hyundai Accent және ВАЗ-21150 көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлайды. Бұл апаттың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Алматы облысының ПД апаттың мән-жайын зерттеді. Жол апатында зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Олар ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізгенін атап өтті. Ал видео авторы айтқан ақпарат расталмады.

Ол келтірген дәлелдер шындыққа сәйкес келмейді. Өз кезегінде видео авторы мен "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі түсініктеме берді. Видео авторының айтуынша, ол тек көліктегі жолаушының мас болуы мүмкін деген болжам жасаған. Медициналық сараптама полиция қызметкерінің және екі жүргізушінің де сау болғанын көрсетті, - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!