Желіде Тоқаевтың Германия сапарының алғашқы күнінің видеосы жарияланды

12:15, 6 желтоқсан 2019

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапарының алғашқы күніне шолу жасаған видеомен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

5 желтоқсанда Мемлекет басшысы ресми сапармен Берлинге келді. Федералды канцлер кеңсесінің алдында Қазақстан Президенті мен Германия канцлері Ангела Меркельдің ресми кездесу рәсімі өтті. Рәсімнен кейін олар кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Республикасының Президенті Германияның Федеральдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесіп, неміс бизнесінің өкілдерімен сөйлесті.

6 желтоқсанда Берлинде Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин Еуразиялық клубының 28-ші отырысында сөз сөйлейді, сондай-ақ неміс компанияларының жетекшілерімен кездесулер өткізеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!