Желіде тағы бір дақпырт тарады: COVID-19 қарсы вакцина бедеулікке ұшыратады

15:47, 24 қыркүйек 2021
265

© Сурет: zakon.kz

Қазақстандықтар танымал Instagram-аккаунттардың бірінде гомеопат-дәрігер Светлана Герасенконың TikTok-тағы бейнеролигімен жаппай бөлісуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, COVID-19 қарсы вакциналар қауіпті, өйткені олар иммунитетті түсіріп, қан тамырлары мен қан ауруларының дамуына ықпал етеді, жүрек талмасын тудырады және бедеулікке әкеледі.
Гомеопаттың тезистерін талдап, оларға неге сенуге болмайтынын айтайық.

Светлана Герасенко Ресей қайта өрлеу одағының (ОСВР) құрылымдық бөлімшесі болып табылатын тәуелсіз дәрігерлер қауымдастығының белсенді мүшесі. Өз кезегінде, бұл ұйым, Ресейде тыйым салынған "Ерік-жігер" ("Воля") саяси партиясының орнына құрылған. Ұйымға қатысушылар COVID-19 пандемиясы және осы ауруға қарсы вакциналар туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқан.
Сонымен қатар, Герасенко антибиотиктіз, инъекцияларсыз және гормондарсыз емдеуді насихаттайтын, диеталық қоспаларды белсенді түрде жарнамалайтын және "жедел жағдайды телефон арқылы емдеу" қызметін ұсынатын жеке гомеопатиялық медициналық орталықтың жетекшісі болып табылады.

ІҚандай да болмасын вакцина мен фертильділіктің арасындағы байланыс мүлдем дәлелденбеген, ал вакцинация ұрпақ жалғастыруымен байланысты проблемаларға алып келеді деген фейктер бірнеше рет теріске шығарылды. Көптеген беделді журналдарда және медициналық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ресми сайттарында мұндай ақпаратқа сенуге ешқандай ғылыми негіз жоқ екендігі туралы мақалалар жарияланған. Бұл мифті де біз бұған дейін әшкерелеген едік, деп хабарлайды stopfake.kz.

Светлана Герасенко әлеуметтік желілерде вакцинация туралы кеңестерімен бөліседі. Атап айтқанда, ол былай жазады:

- вакциналар иммунитетті едәуір төмендетеді, созылмалы және жедел аурулардың көбеюіне септігін тигізеді.

- індет кезінде вакцинациялауға болмайды, өйткені препаратты қабылдағанда адам ауырып тұруы мүмкін.

- иммундау қызметтерін ұсыну кезіндегі кез келген үзіліс, тіпті қысқа мерзімге болса да, қоғамдастықты, әсіресе балаларды ауру жұқтыру қаупіне ұшыратады. ( … )

- вакцина инфекциядан қорғамайды, одан кейін адамдар қатты ауырады және өледі.
- вакциналар бедеулікке әкеледі

- вакциналар қан тамырлары мен қан ауруларын тудырады және инфарктқа әкеледі.

"COVID-19 қарсы вакциналардың "қауіптері" – өтірік және манипуляция. Иммундауға арналған препараттардың тиімділігі дәлелденген, препараттар қауіпсіз және ересектер мен 12 жастан асқан балаларға егуге мақұлданған", - дейді сарапшылар..


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!