Желіде Шөкеевтің Арыста тұрып жатқан үйінің видеосы пайда болды

16:32, 19 шілде 2019

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арыстықтармен бірге бір ай болуға берген уәдесін дәлелдейтін желіде видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл видеоны Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасына жүктеді.

"Арыс үйлерінде қабырғаларды қызғылт түске бояу қызық сән екен. Бұл үйде бір айдан бері Өмірзақ Шөкеев Индустрия және инфрақұрылымды даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевпен және әкімнің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетовпен бірге тұрып жатыр", - деп жазды ол.

Алдында Шөкеевтің Сайрам ауданында жұмыс сапарымен болып, сабан тиеген суреті желіде пайда болған. Сол кезде оған: "арыстықтармен бір ай боламын дегеніңіз қайда" деп сын тағылып еді. Жауап та көп күттірмеді.

Айта кетсек, Түркістан облысы Арыс қаласында 24 маусымда таңертең қару-жарақ қоймасы отқа оранып, жойқын жарылыс болған. Қоймадағы снадрядтар жан-жаққа ұшып, ауылды бүлдіріп, үйлерді қиратқан. Төтенше жағдай режимі жарияланып, ауыл халқы сол күні эвакуацияланды. Ал 28 маусымда арыстықтар ортасына түскен қалаға қайта көшірілді. Көптеген үйлер бүлінген. Үкімет қаланы дереу арада жөндеуге уәде етті. Облыстардан көмек үздіксіз ағылуда. Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осында бір ай бойы тұрып, жөндеу жұмыстарын қадағалауға уәде берген еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!