Желіде масқара видео тарап, Атыраудағы корпорация мәлімдеме жасады

09:47, 22 қараша 2019
554

"Атырау" Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы өзіне қатысты жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермекші, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оған әлеуметтік желіде тараған видео себеп екен. Видеода бір ер адам көңіл көтеру орнында демалып отыр, бірақ ішкені - ішімдік, аузынан шыққаны - балағат сөздер. Мұны таратқан адам видеодағы тәртіпсіз "Атырау" корпорациясының басшысы Марат Түсіпқалиев екенін айтқан.

"Марат Түсіпқалиевтің өзімен сұқбаттасу мүмкін болмады. Оның баспасөз хатшысы басшылық іссапарда жүргенін айтты. Сондай-ақ ол бейнетаспаның корпорация директорына еш қатысы жоқ екенін жеткізді. Сонымен қатар олар желіде жалған ақпарат таратқандарды жазасыз қалдырмайтынын хабарлайды", - дейді телеарна тілшісі.

Шолпан СИСЕНӘЛИЕВА, "АТЫРАУ" ӘКК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Видеодағы азаматтың түрі де, кескін-келбеті де "Атырау" әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы төрағасы Марат Түсіпқалиевқа мүлдем ұқсамайды. Яғни оның дауыс ырғағы да, кескін-келбеті де келмейді. Осыған байланысты азаматтың жеке басына қол сұққаны, яғни жалған ақпарат таратқаны үшін арнайы құжаттар дайындап жатырмыз. Сотқа беретін боламыз. Жалпы ол кісі жұмыста. Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс бабымен іс сапарға кетті.

Видеоның қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Айта кетейік, 44 жастағы Марат Түсіпқалиев - Атырау облыстық мәслихатының депутаты. Жауапты орынға тағайындалғанына екі жыл болған. Бұған дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!