Желіде күн суықта автобусқа кіре алмаған балаларға қатысты видеоның мән-жайы белгілі болды

16:59, 17 қаңтар 2020

Әлеуметтік желіде автобусты айнала жүгіріп, ішіне кіре алмай жүрген оқушы балалардың видеосы тарады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Видеода мектеп автобусына кіре алмаған балалар оны шыр айналып жүгіріп, іште отырған шопырдан есікті ашуды сұрайды. Жүргізуші болса, бірдеңені шұқылап, балалардың өтінішін елемейді.

«Видеода біздің - Астана қаласындағы №69 мектеп-гимназиясының автобустары. Менің балаларым да күн суықта жүргізушілер автобусқа отырғызбай қоятынына талай шағымданған. Бұл дұрыс па? Мүмкін мектеп әкімшілігі бұл мәселеге назар аударатын шығар », - делінген видео сипаттамасында.

№ 69 мектептің әкімшілігі мұның бірер күн бұрын кешкі уақытта болғанын түсіндірді.

Мектеп завучы Жұлдыз Рахметова балалардың кесте бойынша сабақтан сыртқа ойнап келуге шыққанын айтады.

«Балалар мұғалімнің рұқсатымен сыртқа дем алуға шыққан. Ешкім оларды мектептен қуып шыққан жоқ. Біз қайтатын балаларды әрдайым ертіп шығып, бірінші қабаттан қадағалаймыз», - деді ол.

Завучтың айтуынша, бұл видео арандату үшін әдейі түсірілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!