Желіде карантин кезінде вокзалда қаптаған қара-құрым жұрттың видеосы пайда болды

09:37, 22 мамыр 2020

Қарағандыда Оңтүстік өңірде әскери борышын өтеп, арнайы рейспен келген сарбаздарды вокзалда күтіп алу жаппай карантин режимін бұзуға ұласты. Түнде перронда пойыздың астына түсіп кетердей ентелеген жұрт нөпіріне төтеп беруге полицияның шамасы келмей қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Қарағанды вокзалына келіп тоқатаған пойыздағы 500 сарбазды күтіп алуға 1000-нан аса адам жиналған. Туған-туыс, дос-жарандары пойыз келер уақытта улардай шулап, вагондардың астына түсуге шақ қалған. Кезекшіліктегі бірлі-жарым полицей олардың жарақат алып қалмауын қадағалап, есі шыққан. Бетпердесіз, ығы-жығы халықтан карантин шараларын сақтауды сұрау тіпті жайына қалыпты. Ал осы дүрбелеңге жол беріп, күтіп алуды ұйымдастырмаған өңірлік штаб пен полиция қандай да бір түсініктеме беруден ат-тонын ала қашты", - дейді телеарна тілшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!