Желіде Қапшағайда жол үстіне құлаған дельтапланның видеосы жарияланды

17:16, 1 маусым 2020
195

Алматы облысында Алматы-Қапшағай тас жолында МАИ-дың ескі бекеті тұсында кешқұрым дельтаплан құлады. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға жайлы егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Департаменттегілер бұл оқиғаның кеше сағат 21.00 шамасында Қапшағай қаласының маңында болғанын айтты.

Екі адамға арналған Eros моделіндегі желмен ұшатын қанатты құрылғы Алматы - Өскемен автокөлік жолының 82 шақырым қашықтығында (Қапшағай қаласынан 20 км) құлады. Екі адам жарақат алды. 1996 жылғы ер адам жабық бас сүйек-ми жарақаты, көп дене жарақаттары, жалпы орташа ауырлықтағы күйде ауруханаға түсті, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдайлар департаменті.

Онымен бірге ұшқан ер адам қатты шошып қалған, ол ауруханаға жатпады, оған оқиға орнында көмек көрсетілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер Қапшағайға демалуға барған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір