Желіде елді шошытып, жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

11:46, 12 шілде 2019

Әлеуметтік желілерде «Луна» бомбасы жайлы жалған ақпарат таратқан әйел Арыс тұрғыны боп шықты. Ол өз кінәсін мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Арыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

"Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында WhatsApp желісі арқылы қаладан "Луна" бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым.

Мен бұл хабарламаны сурет қылып "Арыс қаласы" деген топқа жібердім. Сабыр сақтаңыздар! Жалған хабарлама таратқаным үшін кешірім сұраймын", - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!