Желіде Елбасының тұңғыш теңгені ұстаған суреті жарияланды

15:22, 15 қараша 2019
695

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы ұлттық валютаны ұстап тұрған суреті желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 қараша - Ұлттық валютаның туған күніне арналған Елбасының баспасөз қызметінің Іnstagram-дағы парақшасындағы жазбада: "Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі" делінген.

1993 жылдың соңына дейін Қазақстан рубль аймағында болды және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады. Ресейдің ескі нұсқадағы қолма-қол ақшасының басқа елдерден жаппай біздің ел аумағына түсуі қазанның аяғында республиканың ақша жүйесінің бұзылуына, инфляцияға, «қазақстандық» және ресейлік рубльдің сатып алу қабілетінің күрт алшақтауына әкелді. Мұның бәрі біздің халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті. Сол жылдың 15 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей банкінің қазынашылық және банктік билеттерінің айналымы тоқтатылды. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға жіберілді.

"Осы сәттен бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен ел дамуындағы маңызды кезең басталды. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

1993 жылдың соңына дейін Қазақстан рубль аймағында болды және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізе алмады. Ресейдің ескі нұсқадағы қолма-қол ақшасының басқа елдерден жаппай біздің ел аумағына түсуі қазанның аяғында республиканың ақша жүйесінің бұзылуына, инфляцияға, «қазақстандық» және ресейлік рубльдің сатып алу қабілетінің күрт алшақтауына әкелді. Мұның бәрі біздің халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер етті. ⠀ Сол жылдың 15 қарашасында Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей банкінің қазынашылық және банктік билеттерінің айналымы тоқтатылды. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға жіберілді. ⠀ «Осы сәттен бастап Қазақстанның шынайы тәуелсіздігінің қалыптасуы мен ел дамуындағы маңызды кезең басталды. Мұндай оқиғалар әр елдің тарихында бір-ақ рет кездеседі», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. ⠀ 15 ноября 1993 года Указом Нурсултана Назарбаева завершилось обращение казначейских и банковских билетов Госбанка СССР и банка России, и введена в обращение национальная валюта Казахстана – тенге. ⠀ Почти до конца 1993 года Казахстан находился в единой рублевой зоне и не имел возможности проводить самостоятельную экономическую политику. Массовый сброс в Казахстан рублевой наличности старого образца, неопределенность в ее обращении на территории нескольких государств к концу октября привели к дезорганизации денежной системы республики, новому витку инфляции, резкому расхождению покупательной способности «казахстанского» и российского рубля. Все это крайне отрицательно сказалось на уровне жизни нашего населения. ⠀ «С этого момента начинается отсчет нового, переломного по своей сути этапа в становлении и развитии подлинно Независимого государства Казахстан. Такие события происходят в истории каждой страны только один раз. Для нас это имеет беспрецедентное не только экономическое, но и политическое значение», – сказал тогда Первый Президент Казахстана.

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі???????? (@elbasy_nazarbayev) 14 Ноя 2019 в 11:41 PST


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!