Желіде бес жасар қызға тиіспек болған ер адамның ұсталған видеосы тарады

09:37, 23 шілде 2021

© Сурет: иллюстрация үшін алынды

Қызылордада бес жасар қызды шешіндіріп жатқан азғын ұсталды. Ер адамның анайы әрекетін көршілер дер кезінде байқап, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

"Шынашақтай қызды арашалап қалған сәтті ұялы телефонға түсіріп алған. Кадрде көрініп тұрғандай, ашуға булыққан жұрт балаға қол жүгірткен еркекті жан-жақтан түтіп жеп жатыр. Бес жасар баланы әрірек әкетпек болған. Абырой болғанда көршілер көріп қалып, арам ойы іске аспай қалды. Сазайын бермек болған халықтан қызқұмарды полицияның арашалауына тура келді. Бүлдіршінді бүлдірмек болған еркек қамауға алынды. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді телеарна тілшісі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!