Желіде балалар лагеріндегі былықтың видеосы жарияланып, шу шықты

11:13, 28 шілде 2021
319

© Сурет: иллюстрация үшін алынды

Жамбылда жеткіншектердің жазғы сауықтыру орны, яғни балалар лагерінен шу шықты. Тараздық тұрғын "Болашақ" жазғы лагеріне қатысты желіге жүктеген бейнежазбасы көпшіліктің арасында дау тудырды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Баласына барған ата-ана демалыс орнының асханасына кірген. Ондағы жуылмаған ыдыстар, асханадағы антисанитария жағасын ұстатқан. Бейнетаспаға түсірген тұрғын, тіпті дәретханалардың суы сыртына ағып жатқанын айтады. Ал "Берікқара" лагеріне жіберген екінші ата-ананың да шағымы осыған ұқсас. Ол 10 жастағы баласының лагерде жараланғанын айтады. Ашынған тұрғын енді лагерьде демалып емес, қалада ем алып жатырмыз дейді.

Фарида БЕЛАСАРОВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен ішіне кіріп көрдім, асханасы тола, сыймайды. Кезекпен. Менің балам талдан құлап қалған серуен кезінде. Маған айтпаған, соған барып тұрмыз. Баламды шығармайды маған, ұйықтап қалған деп.

Жергілікті білім басқармасындағылар бұл келеңсіздіктерді жоққа шығарды. Олар әлеуметтік желіге шыққан бейнежазбадан кейін, тексеріс жүргізгендерін айтады. Кемшілік жоқ деп отыр. Биылғы маусымда облыста 3 мыңға жуық бала демалу керек болған. Алайда, желіге жүктелген видеодан кейін бала саны күрт кеміп кеткен.

Гүлзира ДӘРІБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- Білім басқармасы тарапынан үш рет мониторинговая группа деп айтамыз, бұйрық бойынша барып зерделеу жүргізді. Желіге байланысты алаңдап, мен баламды жіберейін дегем ата-аналардың саны азайуда. 360 орындық лагерьге 100 бала кетті, сонда қараңызшы 260 баланың орны бос тұрады.

Айта кетейік, қазір облыста 11 лагерь жұмыс істеп тұр. Оған 200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!