Желіде арықтауға көмектесеміз деген ақылы марафон зиянды болып шықты

12:58, 24 қыркүйек 2018
524

“Тез арада артық салмақтан арылып, сымбатты дене пішіміне қол жеткізгіңіз келсе марафонға қатысыңыз” деген жарнамалар әлеуметтік желіде шаш етектен. Бұл жарнамалардың қаншалықты пайдаы бар, әрі зияны бар ма деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Бұл туралы stan.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бәрі де қыз-келіншектерді сұлу әрі сымбатты болуға шақырады. Ең бастысы топқа кіру үшін ақша төлеп, салмақ тастауға ықпал ететін арнайы өнімдерін сатып алсаңыз жеткілікті. Бірақ ұйымдастырушылар Сіздің денсаулығыңызға жауап бермейді.

Бұл бойжеткеннің есімі – Ару. Артық салмақтан арылтамыз деген түрлі марафоннан әбден аузы күйген. Бір айда 20 келі тастағысы келген ол, қанша тырысқанымен мақсатына жете алмаған. Керісінше, дұрыс тамақтанбаудың салдарынан денсаулығы сыр беріп, асқазанында жаралар пайда болыпты.

«Бұрын-соңды сондай марафонға қатыстым. Арықтау марафоны маған мүлдем көмектеспеді. Аштықтың кесірінен, силовой тренировканың кесірінен, давлениямды одан ары қарата түсіріп алдым» – дейді қала тұрғыны Ару Маратқызы.

Дене бітімін сымбатты еткісі келген бойжеткен енді ақшасын марафонға емес, кешенді ем-домға жұмсауда. Ең қызығы, шараны көбіне диетологтар емес, өзі арықтаған қыз-келіншектер жүргізеді екен. Олардың пайымынша, дәл осындай әдіс-тәсілдердің адам денсаулығына ешбір зияны жоқ. Бір айда 500-600 адамды артық салмақтан арылтуға мүмкіндіктері бар екен.

«Денсаулығына байланысты, бірнәрселереге шөптерге аллергия бар ма?! Соның барлығын біліп алғаннан кейін, біз оған кеңес береміз. Бізде екі пакет бар, сол екі пакеттің біреуін ұсынамыз. 25 күнде адам салмақ тастайды» – дейді марафон ұйымдастырушысы Сәния Ботина.

Ал, мұндай марафонның құны арзан емес. 1 айға 35 мыңнан 50 мың теңгеге дейін жұмсауға тура келеді. Қалтаға салмақ түсіргенімен сұраныс жетерлік. Мәселен, Баян дәл осындай әдіс-тәсілдердің арқасында 17 келі салмақ тастағанын айтады. Жылдар бойы артық майдан әбден қиналған ол, тек биыл ғана мақсатына кол жеткізіпті.

«Өзімнің салмағымнан шамадан тыс салмақпен жүрдім, 87 киллограм. Қосымша осы нәрсені пайдалануға берген кезде, мен оны ішкі құрлыстарымды реттеу үшін, маған диетаға отыру керек болды. Диетаға отыру – ол аштықта деп ойлайды. 0054 Ешқандай қорықпастан мен сол коктейльдерді ішіп, тұтынып, өзімнің бойымдағы артық салмақпен күрестім. Енді уақыт өте келе шығады дейді ғой» – дейді қала тұрғыны Баян Шынар.

Ал диетологтардың мұндай марафон жайлы пайымы мүлдем басқа. Себебі, адамдардың ағзасы бір-біріне ұқсамайды дейді олар. Сондықтан да әр клиентпен жеке-жеке жұмыс жасаған жөн. Тіпті, дәл осындай диеталардың салдарынан асқазан жұмысы нашарлап, тастаған салмағыңыз кейін үш есе қайтып оралуы әбден мүмкін екен

«Егер де, 1 айда 15-20 келі арықтайсыз деген марафондар болса, әрине оның артында, сіздің денсаулығыңызға үлкен қауіп-қатер тұр деген сөз. Жарыс ретінде, тек қана коктейльдерде отыратын марафонға қатыссаңыз, екі-үш айдан кейін сіз ол салмақты одан да көп мөлшерде қосып алуыңыз әбден ықтимал» – дейді диетолог Арай Әміре.

Мінсіз дене бітімді қалыптастыру оңай шаруа емес. Ол үшін қаражат былай тұрсын, ерік-жігер мен қайсарлық керек. “Бірақ, аз уақытта мақсатыңызға жетемін десеңіз қателесесіз. Себебі, өзіңізді алдағанмен, ағзаңызды алдай алмайсыз” дейді диетологтар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!