Жекеменшік ұшаққа байланысты Нұр-Сұлтандағы сот төрағасын тексеріп жатыр

11:52, 27 наурыз 2020

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздігімен бірге БАҚ беттеріндегі ақпаратқа сәйкес Нұр-Сұлтандағы сот төрағасы Барпибаев Тілектеске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру кезінде Т.Е. Барпибаев кәсіпкер туысы (құдасы) жалға алған жекеменшік ұшақпен медициналық ота жасау Германияға аттанғаны белгілі болды, деп хабарлайды агенттік.

Барпибаевтың сот этикасын сақтау мәселесін Жоғарғы Соттың комиссиясы тексереді, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!