Жеке мұрағаттағы Абайдың төте жазумен шыққан кітабы көпшілікке таныстырылды

09:35, 16 қаңтар 2020

Ұлы ақынның шығармаларының толық жинағы қамтылған бұл кітап 1951 жылы Алматыда басып шығарылған. Марфуға апамызға құнды жинақты әкесі Ғали тарту еткен екен. Ақын қыздың тұлғалық қалыптасуында дәл осы кітаптың рөлі зор болған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Сонда әкем мені тізесіне алып отырып, осы Абай атаңның, ұлы Абайдың қай өлеңін оқып бересің, мына жиналып отырған кісілерге деп сөйтіп Абайдың өлеңдерін маған жатқа оқытатын. Кітабын өзім басыма жастанып жатып оқып өскен адам едім деп, Абай - менің рухани ұстазым деп осы. Сондықтан мен бұл кісіге өте көп өлең арнадым", - дейді ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын Марфуға АЙТХОЖИНА.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!